Вход

 

Сейчас 88 гостей онлайн

Пользователи : 4615
Статьи : 476
Просмотры материалов : 5584136

Знатные талгарцы 20-го века. Батый Ерназаров

Батый Ерназаров 1922 жылы 28 желтоқсанда Жамбыл облысы Свердловск ауданындағы Қостөбе ауылында дүниеге келген. Жамбыл қаласында 10 жылдық мектепті бітірген. 1942 жылы Алматы қаласындағы атты әскер полкінде әскери дайындықтан өтіп, сол жылдың аяғында Батыс майдандағы сұрапыл соғысқа аттанады. 1943 жылы Бірінші Украина майданына қатысып, аяғынан ауыр жараланып, госпитальда емделеді. 1944 жылы Свердловск жаяу әскери училищесін бітіргеннен кейін взвод командирі болып істейді. 1946-1947 жылдар аралығында Германияда әскери күзет ротасын басқарады. Қаскелең, Балқаш, Гвардия, Іле, Талғар аудандарындағы әскери комиссариаттарды басқарады.
1973-1998 жылдар аралығында Талғар ауданы ардагерлер ұйымының төрағасы, бірнеше мәрте Талғар аудандық кеңесінің депутаты болып сайланады. Жұмыс істеген жылдар аралыығында қоғамдық жұмыстарға белсене қатысып,зейнеткерлердің әлеуметтік жағдайын қорғауға араласады. Жас ұрпақтарға әскери-патриоттық тәрбие беру ісінде көптеген шаруа тындырған ардагер есімі әрқашан ел есінде ардақталып келеді.


Copyright © . All Rights Reserved.

аренда недвижимости
грин дэй